Accessibility links

Солана мен Ларижани арасындағы кездесу кейінге қалдырылды


Еуропа Одағының сыртқы саясат басшысы Хавиер Солана мен Иранның ядролық мәселесі бойынша бас өкілі Әли Ларижани арасындағы кездесу кейінге қалдырылды. Бұл туралы Хавиер Солананың баспасөз-хатшысы хабарлады. Солана мен Ларижани бейсенбі күні Парижде кездеседі деп жоспарланған болатын. Енді Парижде Солана мен Ларижанидің көмекшілері кездеседі деп жоспарланып отыр.
XS
SM
MD
LG