Accessibility links

«Азаттық» радиосының Түркімен қызметінің тілшісі О.Мұрадова түрмеде қаза тапты


«Азат Еуропа/Азаттық» радиосының Түрікмен қызметінің тілшісі Оғулсапар Мұрадовы ханымның туыстарының айтуынша, Оғулсапар абақтыда қаза тапқан. «Азаттық» радиосынан хабарланғанындай, бүгін Түркімен қауіпсіздік қызметі ресмилері Мұрадованың денесін мәйітханаға сараптамалық тексеру үшін алып келген. Оғұлсапар Мұрадованың қай уақытта, қалай қайтыс болғандығы жөнінде әзірше еш мәлімет жоқ.

58 жастағы Мұрадова маусым айында, бірқатар адам құқықтары белсендісімен бірге жұртқа жарияланбаған себептермен тұтқындалған болатын. Тамыздың 25-інде Түркімен соты Мұрадованы 6 жылға бас бостандығынан айырды. Оған заңсыз қару-жарақ сақтаған деген айып тағылды. Ал онымен бірге сотқа тартылған екі азамат сондай айыппен, 6 және 7 жылға кесілген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG