Accessibility links

АҚШ-тың хабар тарату жөніндегі басқарма кеңесі журналист Мұрадованың өлімін тергеуге шақырды


“Азаттық” Радиосының Түркіменстандағы тілшісі Огулсапар Мұрадова түрмеде жазасын өтеп жатқан кезінде қаза болды. Бұл туралы Мұрадованың туыстары хабарлады. Адам хұқын қорғаушы халықаралық ұйымдар бұл хабарға байланысты өздерінің жан түршігерлік жағдайда екендіктерін айтты. Ал АҚШ-тың хабар тарату жөніндегі басқарма кеңесінің басшысы Кеннет Томлинсон Мұрадованың өліміне байланысты қайғырып отырғанын білдіріп, журналистің өлімін тезарада тергеуге шақырды. Мұрадова Түркменстан халқына шындықты хабарлау мақсатында көрсеткен батырлығы мен адалдығы үшін есте қалады, деді Томлинсон.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG