Accessibility links

Тәжікстанда ШЫҰ-ның саммиті өтті


Бүгін Душанбеде Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше алты елдің өкілдері кездескен саммит аяқталды. Бұл саммит ұйымға мүше елдер Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдері арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне арналды. Бұл жиынға қатысқан Қазақстанның премьер министрі Даниал Ахметов, энегетикалық саланың қауіпсіздік мәселесі ең маңызды тақырыптардың бірі болды деген.

"Біз тағы да біздің елдеріміздің энергетикалық саладағы, энергетикалық тасымалдау жолындағы ынтымақтастығын дамытудағы басым бағыттарын анықтадық. Менің пікірімше, басты назар энергетикалық қауіпсіздікке аударылады. Және мен бұл энергетика саласы біздің елдеріміз арасындағы маңызды мәселелердің бірі деп ойлаймын”, - деген ол.

Сондай-ақ, бұл отырысқа бақылаушы мәртебесіне ие елдер Ауғаныстан, Иран, Пәкістан, Үндістан және Моңғолия елдері де қатысқан.

AzattyqTV

Теңіз жағасындағы үй

Людмила Путинаның вилласы

XS
SM
MD
LG