Accessibility links

Бенедикт XVI ислам туралы дәйексөз айтқаны үшін мұсылмандардан кешірім сұрады


Бүгін Ватиканнан түскен хабарға қарағанда, Бенедикт XVI өзінің ислам туралы дәйексөз айтқаны мұсылмандарды қатты ренжіткеніне өкінішті екенін айтқан. Оның алдында Германия канцлері Ангела Меркель Рим папасы Бенедикт XVI-ның Германияға сапары кезінде Ислам туралы айтқанына байланысты туып отырған айыптаулардан қорғап сөйледі. Бенедикт XVI діни дәріс беру кезінде, 14-ші ғасырдағы Византия императорының пайғамбар Мұхаммед ғ.с туралы айтқанын келтірген. Оның дәйексөзі әлемдегі мұсылман жетекшілері тарапынан сындарға тап болды.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG