Accessibility links

01:06 Фашизмге қарсы қозғалыстың мүшелері митингіге жиналғандармен төбелесті


С.-ПЕТЕРБОР: Кеше Ресейдің С.-Петербор қаласында “Заңсыз иммиграцияға қарсы қозғалыс” митингісі өтіп жатқан сәтте шыққан жаппай төбелесте 3 адам жараланды. Карелия түбегінің Кондопога қаласында болған қанды оқиғаға арналған митингі басталған кезде, жиналған жұртқа беттеріне маска киген ондаған адам келіп тиісіп, төбелес шығарды. Милиция 20-дан аса адамды ұстады. Ұсталғандардың кейбірі фашизмге қарсы қозғалыстың мүшелері екенін және митингіге жиналғандарды ұрып-соғуға алдын-ала дайындалғандарын мәлімеді.
XS
SM
MD
LG