Accessibility links

01:10 Құрылғанына 1 жыл да толмаған “Астана” клубы мәртебелі халықаралық жарыста жеңіске жетті


МАДРИД: Қазақстандық әйгілі велошабандоз Александр Винокуров – Испанияда кеше аяқталған көп күндік “Вуэльта” жарысында жеңіске жетті. Жарыстың Мадрид қаласы мен оның төңірегінде кеше өткен 142 шақырымдық ақырғы сатысында неміс спринтері Эрик Цабель мәреге бірінші болып жетті. Ал супермарафонның жалпы қорытындысы бойынша “Астана” клубының капитаны А.Винокуров лидердің алтын майкасын қорғай алған болса, испаниялық велошабандоз Алехандро Вальверде екінші, тағы бір қазақ велоспортшы Андрей Кашечкин – үшінші орын алды. Сөйтіп құрылғанына әлі 1 жыл да толмаған “Астана” клубы жеңіс тұғырына көтерілді.
XS
SM
MD
LG