Accessibility links

01:33 300 мыңдай халқы қырылған Дарфур өлкесіне бітімгершілік күштері жібермей отыр


ХАРТУМ: Кеше дүние жүзінің 50 қаласында Суданның Дарфур өлкесіндегі қантөгісті тоқтатуға шақырған жиындар болып өтті. “Дарфурдың дүниежүзілік күні” әлемнің Лондон, Нью-Йорк, Берлин, Мельбурн, Дубаи сынды және т.б. қалаларында өткізуге “Эмнисти интернэшнл” және “Хьюман райтс уотч” ұйымдары демеуші болды. Дарфур өлкесіндегі жанжал барысында шамамен 300 мыңға жуық халық қырылып, 1 миллионға жақын халық босып кетті. Судан үкіметі өлкеге БҰҰ-ының бітімгершілік күштерін жібермей отыр.
XS
SM
MD
LG