Accessibility links

Президентке қарсы ұйымдастырылған қастандықтан оның бауыры қаза тапты


БАЙДОА: Сомалидің Байдоа қаласында орналасқан парламентінің іргесінде болған жарылыс пен атыста кем дегенде 11 адам қаза тапты. Ресми билік бұл атысты ел президенті Абдуллахи Юсуфқа қарсы ұйымдастырылған қастандық деп бағалады. Президент аман қалды. Келіп жеткен мәліметке қарағанда, оның бауыры құрбан болды. Байдоа – ресми биліктің қолында қалған жалғыз қала, елдің басқа барлық жері ислам бүлікшілерінің үстемдігіне қарайды.
XS
SM
MD
LG