Accessibility links

Батыс елдері Днестр жағалауын “тәуелсіз мемлекет” ретінде мойындамайды


ТИРАСПОЛЬ: Молдовадан бөлінген Днестр жағалауы республикасының сайлаушылары жексенбі күнгі референдумда тәуелсіздік жариялау мәселесін жаппай қолдап дауыс берді. Батыс елдері бұл референдумды заңсыз деп елемеді. Сайлаушылардың 97 пайыздан астамы тәуелсіздік жариялап, Ресеймен одақтасу туралы мәселені қолдады. Еуроодақтың өкілі жексенбі күнгі референдумға ешқандай сипаттама бермейтінін, өйткені Днестр жағалауын ешбір елдің “тәуелсіз мемлекет” деп мойындамайтынын мәлімдеді. Кеше Ресей Днестр жағалауының мәртебесі туралы халықаралық келіссөзге қайта оралуға шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG