Accessibility links

Ирақтағы қантөгіс жалғаса беретін болса, елді азамат соғысына душер етуі мүмкін


НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ының Бас хатшысы К.Аннанның мәлімдеуінше, Ирақ азамат соғысының табалдырығында тұр. Ирақ проблемасы бойынша Ұлттар Ұйымындағы конференцияда сөйлеген Бас хатшы елдегі қантөгіс жалғаса беретін болса, оның “ауқымды азамат соғысына ұласуы мүмкін” екенін ескертті.

Кеше Ирақта жүзеге асырылған террористік қастандықтардан 30-дан көп адам қаза тапты, оның ішінде Таль-Афар қаласында жанкешті-лаңкес бомба орнатылған автокөлігін жарып, кемінде 22 кісі қаза тапты.
XS
SM
MD
LG