Accessibility links

Президент Ахмединежат Иранды әлемге жаңа бейнеде таныстырмақ


Иран президенті Ахмадинежаттың теледидардан айтуынша, ол БҰҰ Бас ассамблеясы алдында сөйлегенде Иранды әлемдік жаңа тәртіп бейнесінде ұсынбақ екен. Ахмединежаттың айтуынша, қазіргі кезде әлем дұшпандық әрекеттерге, жанжалдарға, менмендік-асқақтаушылыққа толы. Ондай жағдайда тыныштық, бейбітшілікке жету қиын, дейді ол.

Ал бұл арада Иран мемлекеттік БАҚ-дарының хабарлауынша, президент Ахмединежатқа еріп, Нью Йоркка БҰҰ бас ассамблеясының жиынына бара жатқан 15 журналистке АҚШ елшілігі виза бермеген.
XS
SM
MD
LG