Accessibility links

Халықаралық ұйым О.Мұрадованың қаза болуы себептерін “тиянақты да әділ тергеуге” шақырды


ПАРИЖ: Газеттердің дүниежүзілік Ассоциациясы “Азаттық” Радиосының Түркіменстандағы тілшісі Огулсапар Мұрадованың түрмеде отырып қаза болуына наразылық білдіреді. Штаб-шәтері Парижде орналасқан Ассоциация Түркіменстан президенті С.Ниязовқа жолдаған хатында Мұрадованың қаза болуы себептерін “тиянақты да әділ тергеуге” шақырды. Огулсапар Мұрадова – 6 жылдық жазасын түрмеде өтеп жатқан кезінде осы айдың басында құрбан болды. Адам құқын қорғаушы ұйымдар оған нақақ айып тағылды деп есептейді.
XS
SM
MD
LG