Accessibility links

Иран өзінің ядролық бағдарламасын ашық әрі бейбіт мақсатта іске асырып жатыр


НЬЮ-ЙОРК: Иран президенті Махмуд Ахмадинеджад БҰҰ-ының Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесін сынға алды. Нью-Йоркте кеше сөйлеген сөзінде Иран лидері елдің бейбіт мақсаттағы ядролық технологияны дамытуға деген құқын жоққа шығару үшін “Қауіпсіздік Кеңесіне үстемдік етіп отыр” деп АҚШ пен Ұлы Британияны айыптады. Оның айтуынша, Иран өзінің ядролық бағдарламасын ашық әрі бейбіт мақсатта іске асырып жатыр және оны Ұлттар Ұйымының инпекторлары тексеріп келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG