Accessibility links

Мажар оппозициясы премьер-министрді биліктен түсірмей тынбайтын тәрізді


БУДАПЕШТ: Мажарстан астанасы – Будапешт қаласында полиция мен шеруге шыққан халық осымен екінші түн қатарынан қақтығысып қалды. Хабарға сәйкес, билік басындағы Социалистік партияның кеңсесі маңайына жиналған халықты қуып тарату үшін бүгін таңсәріде полиция көзден жас ағызатын газды қолданды. Мажарстан премьер-министрі Ференц Гюрченидің өзі бастаған үкімет экономиканың дамуы туралы халықты әлденеше рет алдағанын айтқан сөзі радио мен теледидардан берілген соң, халық наразылық шеруіне шығып, оның үкіметтен кетуін талап ету үстінде.
XS
SM
MD
LG