Accessibility links

Ұлттар Ұйымы әскери бүлік шыққан Тайланды демократияға оралуға шақырады


НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ының Бас хатшысы К.Аннан мен жетекші елдердің лидерлері Тайландтағы әскери төңкеріске наразылық білдіріп, Бангкокты демократия жолына қайта оралуға шақырды. Тайланд қарулы күштерінің төңкеріс ұйымдастырып, премьер-министр Таксин Шинаватра бастаған үкіметті таратқаны және елге әскери тәртіп орнатқаны туралы хабар жетісімен, Т.Шинаватра БҰҰ-ының Бас Ассамблеясында, жоспар бойынша, сейсенбі күні сөз сөйлеуден бас тартты. Әскери бүлікшілер елдегі саяси дағдарысты тоқтатып, жаппай жемқорлықты ауыздықтау қажеттігін желеу етіп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG