Accessibility links

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел үкіметінің ВИЧ және СПИД ауруларының таралуына қарсы ұлттық бағдарлама жобасын әзірлеуіне шақырды


Бұл мәлімдемені мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің Астанадағы отырысында бүгін жасады. Жаңа ұсыныстарды әзірлеуге ол үш ай мерзім берді. Бүгін Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаев оңтүстіктегі ВИЧ індетіне байланысты қызметінен алынды. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Болат Жылқышиев те қызметінен кетті. Бұл облыста мамыр айынан бері 50-ден аса бала ВИЧ ауруына шалдыққан болатын. Кем дегенде тағы төртеуі СПИД-тен қаза болды.
XS
SM
MD
LG