Accessibility links

Дж.Буш: “Иран үшін БҰҰ-ының талап-шартын орындауына “уақыт тар”


ВАШИНГТОН: АҚШ президенті Дж.Буш Иранды уран шикізатын байыту жұмыстарын тоқтатып, келіссөзге қайта отырғызу үшін Батыс елдерін оған көрсетіп отырған қысымын жұмсартпауға шақырады. Си-Эн-Эн телеарнасына берген сұхбатында Дж.Буш Қауіпсіздік Кеңесінде өзіне жаза қолдану шешімінің қабылдануынан құтылу үшін Иранның уақыт создырып отырғанына алаңдайтынын айтты. Батыс дипломаттарының хабарлауынша, халықаралық қоғам Иранға уран шикізатын байыту жұмысын тоқтатуға кемінде қазан айының басына дейін уақыт беруге келісіп отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG