Accessibility links

Қаза болған әрбір кеншінің отбасына 12 мыңдай ғана өтмеақы төленеді


ҚАРАҒАНДЫ: Қарағанды облысының көмір шахтасындағы жарылыстан қаза тапқан кеншілердің саны 32-ге жетті. Тағы 8 кеншіні іздестіру жалғасуда. 27 кеншінің мәйіті жоғарыға көтерілді. Жарылыс болған сәтте шахтада 367 кенші болған, 300-ден астамы жоғарыға өздері көтерілген. Қазақстан президенті Н.Назарбаев қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты. Апатқа ұшыраған шахтаның иесі - “Миттал Стилл-Теміртау” металлургия комбинатының басшылығы қаза тапқан әр кеншінің отбасына 12 мың доллардай өтемақы төлейтінін мәлімдеді. Апаттың себеп-салдарын тергейтін мемлекеттік комиссия құрылды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG