Accessibility links

Иран мен Еуропа Одағы арасындағы келіссөз келесі аптада жалғасады


ТЕҺРАН: Иран мен Еуропа Одағы арасындағы келіссөздің келесі сатысы алдағы аптада өтеді. Иранның өкілетті өкілі Әли Лариджани мен Еуроодақ басшылығының мүшесі Хавьер Солана Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі саяси дағдарысты шешудің жолдарын талқылау үшін өзара кездесу жөнінде уағдаласты. Осы туралы және екі жақты кездесудің Еуропа астаналарының бірінде өтетінін Иранның ИРНА ақпарат агенттігі хабарлады.
XS
SM
MD
LG