Accessibility links

Ц.Ливни (Израиль):“Иран лидерлері Холокост қасыретін жоққа шығарады”


НЬЮ-ЙОРК: Израильдің сыртқы істер министрі Ципи Ливни Иран басшылығын халықаралық “құндылықтарға” ең үлкен қауіп төндіріп тұр деп айыптады. Кеше Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының сессиясында Ливни ханым: “Иран лидерлері Холокост қасыретін жоққа шығарады, Израильді жер бетінен құрту ниеттерін ашық та мақтана айтады және осы мақсатына жету үшін жойқын қару шығаруды көздейді”, -деп мәлімдеді. Ол халықаралық қауымдастықты Иранның Таяу Шығысқа және өзге әлемді қорқытқан қадамдарына қарсы пікір айтуға шақырды.
XS
SM
MD
LG