Accessibility links

Ауғанстандағы соғыс 27 жылдан бері Пәкістанға проблема туғызып келеді


НЬЮ-ЙОРК: Пәкістан президенті Первез Мушарраф Ауғанстандағы және ауған-пәкістан шекарасындағы тәліптер мен “Әл-Қаида” жасақтарын жоюға онша көп әрекеттенбей отыр деп ауған үкіметін айыптады. Кеше БҰҰ-ының Нью-Йоркте өтіп жатқан Бас Ассамблеяының сыртында журналистермен кездескенінде генерал Мушарраф Ауғанстандағы соғыс проблемасы 27 жылдан бері Пәкістанға проблема туғызып келеді деп атап көрсетті. Одан бұрын Ауғанстан лидерлері Пәкістанды ел ішіндегі лаңкестерге қарсы күресін күшейтуге шақырған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG