Accessibility links

Мысыр елі де бейбіт ядролық бағдарламасын дамытуға кірісуі мүмкін


ҚАЙЫР: Мысыр президенті Хосни Мүбәрәк елді ядролық бейбіт қуат өндіру бағдарламасын дамыту мүмкіндігін қарастыруға шақырды. Бұл үндеуін Мүбәрәк кеше өзінің билік басындағы Ұлттық-демократиялық партиясына жолдады. АҚШ-тың Қайырдағы елшісі Фрэнк Риккэрдоун егер Мысыр бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламаны дамытқысы келсе, онда АҚШ ол бойынша Мысырмен ынтымақтасуы мүмкін деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, Мысырдың болашақ бағдарламасы мен Иранның “ядролық қару шығаруды” көздеген бағдарламасын тіпті салыстыруға болмайды. Иран жойқын қару шығаруды көздемейтінін дәлелдеп келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG