Accessibility links

АҚШ Пәкістанды “тас дәуіріндегі күйге дейін бомбалаймын” деп қорқытқан


ВАШИНГТОН: 2001-інші жылдың 11-інші қыркүйегінен кейін АҚШ егер Пәкістан өзінің терроризмге қарсы күресіне атсалыспаса, онда Пәкістанды бомбалаймын деп қорқытқан. Пәкістан президенті Первез Мушарраф осылай деп мәлімдеді. Си-Би-Эс телеарнасының “60-минут” бағдарламасына берген сұхбатында генерал Мушаррафтың атап көрсеткеніндей, барлау қызметінің ақпарат көздері арқылы ол АҚШ-тың сол кездегі мемлекеттік хатшысының орынбасары Ричард Армитиджден “Пәкістан – тас дәуіріндегі күйге дейін бомбалануы мүмкін” деген ескерту алған. “Пәкістан АҚШ-қа өзінің ұлттық мүддесі үшін ғана көмектесті”, -деп мәлімдеді П.Мушарраф. Армитидж пен АҚШ-тың мемлекеттік департаменті әзірше түсініктеме бермей отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG