Accessibility links

АҚШ Дарфур аймағына дереу бітімгершілік әскерін кіргізуге шақырды


Америка Құрама Штаттары Суданның Дарфур өлкесіндегі жағдайды дереу қарауға шақырды. АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райс жұма күні БҰҰ Бас Ассамблеясының жұмысы барысында сөйлеп, азаматтық соғыстан зардап шегіп отырған Дарфурдағы жағдай нашарлап барады деді. Кондолиза Райс Судан үкіметіне көбірек қысым жасап, Дарфур аймағына БҰҰ-ның бітімгершілік әскерін кіргізуге шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG