Accessibility links

Михаил Саакашвили Ресей елімізді бұзып отыр деп мәлімдеді


Грузия президенті Михаил Саакашвили Ресей еліміздің кейбір аймақтарын бөліп алмақшы деп мәлімдеді. Грузия президенті бұл сөзін кеше БҰҰ Бас Ассамблеясының мәжілісінде айтты. Грузия президенті Ресей бітімгершілік жасақтары Абхазия мен Оңтүстік Осетия сеператистік аймақтарындағы текетіресті шешуге бөгет жасап отыр, Ресей жасақтарының әкетілуін талап етеміз деді. Михаил Саакашвили Абхазия мен Оңтүстік Осетияның мәселесін бейбіт түрде шешу жолдарын ұсынып отырмын деді.
XS
SM
MD
LG