Accessibility links

Журналистерге қолдау көрсететін халықаралық «Шегарасыз репортерлар» тобы «Азаттық» радиосының Түркімен бөлімінің қызметкері, марқұм Оғулсапар Мұрадованың бала-шағасының тағдырына алаңдаушылық білдіріп отыр


Оғулсапар Мұрадова қыркүйек айының алғашқы аптасында бас бостандығынан айрылып, көп өтпей түрмеде беймәлім жағдайда қаза тапқан болатын. Париждегі репортерлар тобының мәліметіне қарағанда, Түркімен әкімшілігі марқұм журналистің артында Ашғабатта қалған 3 перзентіне сырттан ешкімді жолатпай отыр екен. Сондықтан, халықаралық журналистер тобы, ол 3 баланың да, аналары секілді ауыр жағдайға түсіп немесе белгісіз құпия бір жерге алып кетілуі мүмкін деген қауіп айтады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG