Accessibility links

Адам құқын қорғайтын ұйым Ресейде нәсілшілдіктің өрши түскеніне алаңдайды


МӘСКЕУ: Бүгін Ресейдің адам құқын қорғайтын ұйымы ресми билікті нәсілшілдік пиғылдағы қылмыстарға қарсы қатаң күресуге шақырды. Ресейдегі соңғы нәсілшілдік қастандықтан 1 күн өткенде “Нәсілшілдік жоқ Ресей үшін” қоғамдық қозғалысының тең төрайымы Татьяна Дорутина осындай үндеу көтерді. Кеше С.-Петербор қаласында медицина академиясында оқитын 26 жастағы үнді студентін пышақтап өлтіріп кетті. Дорутинаның мәлімдеуінше, әсіре ұлтшыл қылмыскерлер тым жеңіл жазаға тартылады.
XS
SM
MD
LG