Accessibility links

Өзбекстан Оңтүстік Кореяға уран рудасын сататын болды


ТАШКЕНТ: Бүгін Ташкентте Оңтүстік Кореяның премьер-министрі Хань Мионг-Сук ханым өзбек үкіметінің төрағасы Шавқат Мирзоевпен кездесті. Өзбекстаннан ресми ақпарат құралдарының хабарлауынша, үкімет басшылары екі жақты бірнеше құжатқа, оның ішінде Өзбекстаннан уран рудасының концентратын Оңтүстік Кореяға тасымалдап жеткізу туралы келісімге қол қойды. Мионг-Сук пен Шавқат Мирзоев, сонымен қатар, энергетика, ауыл-шаруашылық, құрылыс және ақпараттық технологиялар саласынағы ынтымақтастықты дамыту жолдарын қарастырды.
XS
SM
MD
LG