Accessibility links

61 сәбидің СПИД дертін жұқтыруына байланысты Н.Тасмағамбетоваға қарсы қылмыстық іс қозғалды


АСТАНА: Бүгін Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, Оңтүстік Қазақстан облысындағы СПИД дертінің инфекциясы жұқтырылған сәбилердің саны 61-ге жетті. Шенеунекердің болжауынша, инфекция сәбилерге қан құю кезінде немесе бір рет қолдануға болатын шприцпен әлденеше рет егудің салдарынан жұққан. Өткен аптада республика президенті Н.Назарбаев кемінде 4 сәбидің қазасына себеп болған осы жайтқа байланысты денсаулық сақтау министрі мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімін қызметтерінен босатқан болатын. Тағы бір ақпарат бойынша, Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаметінің бұрынғы басшысы Нұрсулу Тасмағамбетова мен оның 2 орынбасарына қарсы қылмыстық іс қозғалды.
XS
SM
MD
LG