Accessibility links

Ресейдің ең соңғы патшасының анасы – Мария Федоровнаның сүйегі Питерге жерленеді


КРОНШТАДТ: Бүгін Даниядан осы елдің соғыс кемесімен Ресейдің Кронштадт портына ең ақырғы орыс патшасы ІІ-нші Николайдың анасы – Мария Федеровнаның сүйегі жеткізілді. Оның табыты алдымен Петергофқа қойылып, кейінірек – С.-Петерборға жеткізіледі. Мария Федеровнаның сүйегін жерлеу рәсімі 28-інші қыркүйек күні – яғни болашақта Ресей патшайымы болуға тиіс Дания ханшайымы Дагмардың Петерборға алғаш рет аяқ басқанына 140 жыл толған күні өтеді.
XS
SM
MD
LG