Accessibility links

“Amnesty International” ұйымы өз құқын қорғағандарды қудаламауға шақырады


ТЕҺРАН: Адам құқын қорғайтын халықаралық “Amnesty International” ұйымы Ирандағы адамның және шағын халықтардың мүддесін қорғайтын белсенділердің және басқа да наразы халықтың тағы да жаппай қудаланып, тұтқындалған жайттарына алаңдайды. Халықаралық ұйымның мәлімдеуінше, соңғы күндері ұсталғандардың ішінде мектептегі байкотты қолдаған Иран әзірбайжандары және 4 әйелдің сөзсіз жазаға тартылуына наразылық білдірген кемінде 10 адам бар. “Amnesty International” ұйымы Иран үкіметін бейбіт жолмен өз құқын қорғағандарды қудалауын тоқтатуға шақырады.
XS
SM
MD
LG