Accessibility links

Кеншілер еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жалақыны өсіруді талап етіп 2-нші күн ереуіл өткізді


ШАХТИНСК: Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтаның кеншілері осымен 2 күн қатарынан ереуіл өткізді. Осы шахтаның ішінде өткен аптада метан газының жарылысынан 41 кенші қаза тапқан болатын. Бірнеше ондаған кенші шахтаға түсіп, сыртқа шықпай отыр. Тағы 50-ден астам кенші, оның ішінде басқа шахтаның кеншілері де бар, ереуілді сыртта өткізді. Кеншілердің ең басты талаптары – еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, айлық жалақы көтеру болып отыр.
XS
SM
MD
LG