Accessibility links

Қазақстандағы Ватикан өкілі Рим папасының исламға қатысты айтқан сөзіне байланысты түсініктеме берді

  • Досан БАЙМОЛДА

Рим католик шіркеу басы Венедикт XVI жуырда Регенсбург университетінде студенттер алдында ислам дініне қатысты айтқан сөзі әлем мұсылмандарының ашу ызасын туғызғаны белгілі. Орта Азиялық адам құқықтары жөніндегі мұсылман комитетінің төрағасы Пайзулла қажы Магомедовтың айтуынша Рим папасы ислам дінін басқыншыл, зорлықшыл дін ретінде айтқаны шындыққа сай келмейді. Оның айтуынша әлем діндері арасында ислам дініндей ең бейбітшіл, ең төзімшіл дінді табу қиын болмақ.

Ватиканның Қазақстандағы өкілі, эпископ Генрих Хованец сейсенбі күні Алматыда журналистер мен БАҚ өкілдері алдында Рим папасының университет студенттері алдында айтқан сөзінің ислам әлемінде шын мағынасында емес басқаша түрде түсінілгенін айтты. Рим папасы сөз арасында исламға қатысты ортағасырда Византия императорының жазып қалдырған мәтінінен дәйексөз келтіріпті. Бұл Рим папасының ислам діні туралы, мұсылмандар туралы өз ойы емес ол тек біреудің айтқанын келітірген. Сондықтан әлем мұсылмандары, соның ішінде қазақстан мұсылмандары осы жағдайды дұрыс түсінсе деген өтініш тілегіміз бар деді Ватикан өкілі.

Алайда журналист Қуанышбек Қаридің пікірінше Рим католик шіркеуі секілді әлемдегі үлкен діндердің бірінің басындағы Венедикт XVI –ның ауызынан ислам дініне қатысты мұсылман қауымын ренжітетіндей сөздің шығуы бұл үлкен қателік іс болған. Алайда ресми Ватикан өкілінің айтқан сөздеріне қарап Ватикан басшылығы осы қателікті қалай түзету керек екендігіне әлі дұрыс қортынды жасамаған секілді деген ойға қалдым дейді ол.

Орта Азиядағы ислам ынтымақтастығы ұйымының атқарушы директоры Мұрат Телібековтың айтуынша ислам дініне қатысты Рим папасының аңдамай айтқан сөзі, оған дереу реакция берген ислам әлемі екеуі де қателікке жол беріп отыр. Оның айтуынша мұсылмандар мен католик дінін ұстанушылар бір бірін мұқатып, келемеждеуден гөрі өзара диалог әңгімеге тезірек көшкендері дұрыс болмақшы. Әлемде олардың бірлесіп шешетін проблемалары жеткілікті дейді ол.

Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Оңғар қажы Өмірбек Рим папасының ислам дінін келемеждеген сөзіне байланысты қазақстан мұсылмандары да әлем мұсылмандарының бұған қарсы ұстанымын қолдап отырғанын жеткізді. Қайсыбір дінді басқа бір діннен жоғары қою, немесе келемеждеп, кемсіту бұл адамгершілікке жатпайтын нәрсе.Сондықтан Рим папасы секілді үлкен лауазымды дін басының ауызынан осындай келемеж сөздің шығуын аңдамай айтып қалыпты немесе айтайын деген ниеті болмаған екен тек сөз реті келгенде біреудің айтқанын дәйәксөз ғып келтіріпті дегендер тек күлкі келтіреді дейді Оңғар қажы Өмірбек.
XS
SM
MD
LG