Accessibility links

56 қаланың күрд-әкімдері “айыпты” болып танылса, 15 жылға түрмеге жабылады


АНКАРА: Түркияда күрдтерден шыққан 56 қала әкімінің соты басталды. Олардың барлығына “күрд партизандарына көмек берді” деген айып тағылған. Оларды қудалау – қала әкімдері Данияның премьер-министріне осы елде орналасқан күрд телекомпаниясын жаппауды өтінген хат жолдауынан соң басталды. Түркия үкіметі ол телекомпанияны “күрд сепаратистерінің және тыйым салынған “Күрдтердің жұмысшы партиясының тірегі болды” деп санайды. Егер қала әкімдері “айыпты” болып танылса, олардың 15 жылға дейін кесілуі мүмкін. Дания премьер-министрі Еуроодаққа мүше болғысы келген елде осындай соттың өтіп жатқанына наразылығын білдірді.
XS
SM
MD
LG