Accessibility links

Болгария мен Румыния – 2007-нші жылдың қаңтарында Еуроодаққа мүше болып қабылданады


СТРАСБУРГ: Бүгін Еуропа Комиссиясы Болгария мен Румынияға олардың Еуроодаққа 2007-нші жылдың қаңтарында қабылданатынын хабарлады. Бірақ Еуроодақ басшылығы София мен Бухарестке бірқатар шарт пен қажетті реформаларды жүзеге асыру қажеттігін ескертті. Олар орындалмаған жағдайда, екі елге қаржы бөлінбей, Еуроодақтағы дауыстарынан уақытша айрылуы мүмкін. Еурокомиссияның президенті Жозе Мануэль Баррозу ішкі реформаларды іске асырғанша, Еуроодақты кеңейту әзірше осымен тоқтатылуға тиіс деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG