Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш бірқатар үкіметтік құжаттардың құпиялылығын ашуға шақырды


Ирақтағы соғыс мұсылман әлемінде кейбір ашу-ыза туғызып, Ислам экстремистерінің өз жақтарына қолдаушыларды көптеп тартуын жеңілдетті. Қауіпсіздік жөніндегі құжаттардан алынған деректердің бірі осындай. Қауіпісіздік құжаттарын жариялау турасындағы шешім бірқатар басылымдарда осы құжаттардан алынған үзінділерде Ирақтағы соғыс салдарынан лаңкестік өсе түсті деген хабaрлар пайда болған соң қабылданды. Ауғанстан президенті Хамид Қарзаймен бірге баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде Дж. Буш мұндай мәлімдеулерді қателескендік деп атады. Қарзай да өз кезегінде лаңкестіктің Ауғанстанда Ирақтағы соғысқа дейін-ақ кең етек алғандығын айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG