Accessibility links

Мәскеу мен Тбилисидің қарым-қатынасы шиеленісе түскен сыңайлы


Грузияның ресейлік төрт офицерді тыңшылық әрекеттерге барды деп осыдан бір күн бұрын ұстағаны мұның басты себебі болуда. Ресей өзінің Тбилисидегі елшісін кері шақырып алды, сондай-ақ мұнда жұмыс істейтін ресейлік азаматтар мен олардың отбасыларын да Грузиядан алып кетеміз деп отыр. Ресей бұл дағдарысқа қатысты БҰҰ-ың Қауіпсіздік кеңесінің төтенше мәжілісі шақырылсын деп талап етуде. Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Иванов Грузияның Ресей азаматтарын тұтқындауын шектен шыққандық деп сипаттаған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG