Accessibility links

Луис да Сильва – Бразилия президенті болып екінші рет сайлануы мүмкін


БРАЗИЛИА: Бразилия президенті Луис Игнасиу Лула да Сильва екінші мерзімге қайта сайлануға жақын тұр. Дауыс беріп шыққан сайлаушылардың арасында өткізілген сауалнамаға қарағанда, да Сильва кеше болып өткен сайлауда шамамен 50 пайыз дауыс алған сияқты. Оның басты бақталасы – Сан-Паулу штатының бұрынғы әкімі Жералду Алкмина – 38 пайызға жуық дауыс жинаған. Бірінші турда-ақ президент болып сайлануы үшін да Сильваның 50 пайыздан көп дауыс жинай алған-алмағаны әзірше белгісіз.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG