Accessibility links

“Хамас” пен ФАТХ күштерінің қарулы қақтығысы екі жақтың келіссөзін тоқтатты


ГАЗА: Палестина автономиясының Газа аймағындағы бақталас екі топтың кешегі қақтығысынан 8 адам оққа ұшып, тағы талай кісі жарақат алды. Айлық жалақының 6 айдан бері толық төленбеуіне қарсы кешегі наразылық шеруі кезінде шыққан бұл қантөгіс автономия президенті М.Аббас пен “Хамас” ұйымы жасақтаған үкімет арасындағы ұлттық бірлік үкіметін жасақтау жөніндегі келіссөзді тоқтатты. Палестинаның “Хамастан” тағайындалған премьер-министрі Исмаил Хания қантөгісті доғаруға шақырды. Ал автономия президенті М.Аббас қақтығысқа жауаптыларды жазаға тартуға уәде берді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG