Accessibility links

Ресей қолға түсірген жапон балықшысын еліне жібереді


МӘСКЕУ: Бүгін Ресей үкіметі Жапонияның балық аулайтын кемесінің капитанын босатуға тиіс. Ол жайында Күншығыс елінің сыртқы істер министрлігі хабарлайды. Балықшы кемесінің капитаны жапондардың Хоккайдо аралының төңірегіндегі Ресейге қарайтын теңіз суында орыс шекарашыларынан қашып құтылмақ болғанында, шекара сақшылары кемеге оқ жаудырып, қолға түсірген болатын. Осы оқиғаның барысында бір жапон балықшысы оққа ұшты.
XS
SM
MD
LG