Accessibility links

БҰҰ-ының жаңа Бас хатшысы болып Оңтүстік Кореяның өкілі сайлануы мүмкін


НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ының Бас хатшысы лауазымында К.Аннанның “мұрагері” болып Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрі Пан Ги Мун сайланатын сияқты. Кеше кешкісін БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінде дауыс берілгенде оны Қауіпсіздік Кеңесінің 15 мүшесінің 14-і қолдаса, біреуі ғана қалыс қалды. Бұл лауазымға 6 үміткер таласу үстінде. Жаңа Бас хатшы үшін ақырғы дауыс беру 9-ыншы қазанда өтуге тиіс.
XS
SM
MD
LG