Accessibility links

Ресей Грузияға Біріккен Ұлттар Ұйымы арқылы қысым жасамақ


Ресей елшісі Виталий Чуркин Грузияға қатысты Қауіпсіздік Кеңесі қаулысының жобасын кіргізді. Жобада Біріккен Ұлттар Ұйымы Грузиядағы бақылау тобының қызметіне шарт қойылып отыр, Грузия бөлінуге бет алған Абхазияға қатысты "араңдату қимылдарын" тоқтатсын делінеді. Екі ел қатынастары Грузияда өткен аптада ресейлік төрт офицер тыңшылық жасады деп қамалған соң қиындай түсті. Грузия төрт офицерді дүйсенбіде босатты, бірақ Ресей үкіметі Грузиямен арадағы барлық көлік және пошта байланысын тоқтатып тұр.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG