Accessibility links

Хавиер Солана Иранға шара қолдану мәселесі енді Иранға тәуелді деді


Еуропа Одағының сыртқы саясат үйлестірушісі Хавиер Солана Иран төрт ай бойы жүрген белсенді келіссөзге қарамастан қарамақайшы ядролық бағдарламасын тоқтататын емес деп мәлімдеді. Хавиер Солана бұл сөзін Еуропа парламентінің сырқы қатынастар комитетінде айтты, уақыт өтіп барады, Иранға шара қолдану, қолданбау мәселесі енді Иран басшылығының қимылдарына тәуелді деді. Әйтпеген жағдайда бос келіссөз мәңгі жалғаса бере алмайды, деді Хавиер Солана. Иран президенті Махмұд Ақмединижат болса халықаралық санкцияларға мойынсұнбаймыз, уран байтуымызды тоқтапаймыз деп кеше тағы айтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG