Accessibility links

Саакашвили Ресей алдында елдігімізді танытайық деді


Грузия президенті Михаил Саакашвили Грузия азаматтарын бүгін муниципалды сайлауға келіп, жаппай дауыс беруге шақырды. Михаил Саакашвили Ресеймен қатынасымыз нашарлап тұрғанда бұл елімізге сын болады деді. Ал Ресей президенті Владимир Путин Грузия елімізге бопсалау жасайды деп айыптады. Ресей парламенті Грузияға қарсы қосымша шара қолдануды талқылады. Екі ел қатынасы Грузияда өткен аптада ресейлік төрт офицер тыңшылық жасады деп қамалған соң қиындады. Грузия төрт офицерді дүйсенбіде босатты, бірақ Ресей үкіметі барлық көлік және пошта байланысын тоқтатты.
XS
SM
MD
LG