Accessibility links

Әлемнің жетекші елдері Иранға шара қолдануды сөйлесіп жатыр


Әлемнің жетекші елдері Иран ядролық дағдарасына қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының санкциялары туралы ақылдасуға келісті. Британия, Франция, Германия, Қытай, Ресей және АҚШ дипломаттары мәселені кеше Лондонда талқылады. Британия сыртқы істер министрі Маргарет Беккет Иран уран байытуын тоқтатпады, осыған өкініш білдіреміз деді. Мәселе бойынша келісіп, шешім табуға әлі әрекет жасаймыз. Иранға бірінші маусымда айтқан ұсынысымыз әлі де болса күшінде, - деді Маргарет Беккет. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне Иранға шара қолдану өкілеттігін шілде айында берген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG