Accessibility links

Сөз бостандығын қорғайтын ұйымдар Анна Политковскаяның өлтірілгеніне сөгіс айтып жатыр


Адам құқықтарын қорғайтын, сөз бостандығын қорғайтын халықаралық ұйымдар Ресей журналисі Анна Политковскаяның өлтірілгеніне сөгіс айтып жатыр. Брюссельде орналасқан "Халықаралық журналистер федерациясының" бас хатшысы Айден Уайт президент Путинге қайырылып, адам өлтіргендерді тез арада жауапқа тартуға шақырды. Анна Политковскаяның кісі қолынан болған қазасына "Журналистерді қорғау комитеті", "Шекарасыз репортерлар" ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, "Амнести интернешнл" ұйымы және бұрынғы совет президенті Михаил Горбачев өкініш білдірді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG