Accessibility links

Бүгін Жапония премьер-министрі Оңтүстік Корея президентімен кездеседі


Жапония премьер-министрі Синдзэ Абе Бейжиңнен кейін Сеулге қарай аттанды. Онда ол Оңтүстік Корея президентімен кездеседі. Күн тәртібінде Солтүстік Кореяның ядролық сынақ жасау жоспары тұр. Өткен аптада Пхеньян ядролық сынақ жасамақшымыз деп жариялаған болатын. Бұл Шығыс Азия мен халықаралық қауымдастыққа төніп тұрған үлкен қауіп деп ойлаймыз, деді Абе Бейжиндегі келіссөздерінен кейін. Жапония премьер-министрі Пхеньянды өзінің ядролық бағдарламасына арналған алты-жақты келіссөзге ешқандай шарт қоймастан қайта оралуға шақырды.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG