Accessibility links

Филиппин коммунистері ресми билікке қарсы 60-ыншы жылдардан бері күресіп келеді


МАНИЛА: Коммунисттердің қарулы бүлікшілері Филиппин еліндегі жаңа салынып жатқан әуе жайға шабуыл жасап, оның жабдықтарын өртеп кетті. Филиппин полициясының хабарлауынша, 50-ге жуық бүлікші құрылысқа басып кіріп, құны 600 мың доллар тұратын жабдығы мен компьютерлерін өртеп жіберген. “Жаңа халық армиясы” деп аталатын ұйымның бүлікшілері жұмысшыларға тиіспеген, бірақ әуе жайдың іске қосылуын қаншама айға кейін қалдырды. Солшылдардың партизандары Филиппин үкіметіне қарсы 1960-ыншы жылдардан бері күресіп келеді.
XS
SM
MD
LG