Accessibility links

Ирақта құрбан болған АҚШ жауынгерлерінің саны 3 мыңға жақындады


БАҒДАД: Бүгін Ирақтың Әд-Диуания қаласында АҚШ пен Ирақтың үкімет әскерінің көтерілісшілермен арадағы кеше басталып, бүгін жалғасқан қақтығысы барысында 20 партизанның көзін жойды. АҚШ армиясының хабарлауынша, түнгі атыс кезінде өзінің бір танкісі жойылған. Бағдадта кеше тағы 1 АҚШ жауынгері қаза тапты. Жалпы соғыс қимылдары басталған 2003-інші жылдың наурызынан бері қарай Ирақта қаза болған АҚШ жауынгерлерінің саны 2700-ден асты.
XS
SM
MD
LG